Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Kyzylorda-news.kz. 30 шілде күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Кей жерлерде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, шығыста кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Тек еліміздің батысында және оңтүстігінде күш ашық болады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, дауыл соғады, бұршақ жаууы ықтимал.
Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл тұрып, бұршақ жауады, жел екпіні - 15-20 м/с.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел қарқыны 25 м/с жетеді. Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Күндіз Ақмола, Түркістан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с болады. Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады.
Манғыстау облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал.
Күндіз Атырау облысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде аптап ыстық болады.
Атырау, Қызылорда, Ақтөбе, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Алматы облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.
30 шілде 2020 ж. 179 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области