Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 25 тамыздан бастап оқушылар бірыңғай сабақтарға қатысады - білім министрлігі

25 тамыздан бастап оқушылар бірыңғай сабақтарға қатысады - білім министрлігі

Kyzylorda-news.kz. 25-28 тамыз аралығында қашықтан бірыңғай сабақтар өтеді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сабақ өткен материалды қайталап, жаңа оқу жылына дайындалу үшін 2-11 сыныптар арасында ұйымдастырылады.
"Оқу процесі бұған дейін әр мектеп таңдаған интернет-платформаларда қашықтан өткізіледі. Сабақ 10:00-де басталады, ұзақтығы - 20 - 40 минут. Кестеге негізгі пәндер енгізілген", - деді білім министрлігі.
2-4 сыныптарға 2-3 сабақ, 5-8 сыныптарға – 3-4 сабақ, 9-11 сыныптарға – 4-5 сабақ өткізу ұсынылып отыр.
Бірінші және екінші күні, яғни 25-26 тамызда балалардың білімі тексеріледі. Сабақта бұған дейін өткен материал қайталанады. Тест пен жаттығулар жасайды.
Үшінші және төртінші күні, яғни 27-28 тамызда алғашқы екі күн нәтижесі бойынша жаттығулар беріледі.
25 тамыз 2020 ж. 252 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области