Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Заңсыз той туралы хабарлаған тұрғындарға сыйақы берілмек

Заңсыз той туралы хабарлаған тұрғындарға сыйақы берілмек

Kyzylorda-news.kz. Батыс Қазақстан облысында шектеуге қарамастан, той мен ас өткізетіндерді анықтаудың тың жолы қарастырылып отыр. Көпшілік көп жиналған шара туралы хабар берген тұрғындарға сыйақы төленеді. Бұл туралы өңір басшысы Ғали Есқалиев мәлімдеді.
Әкімнің айтуынша, сыйақы тағайындау мәселесі пысықталды. Оған тиісті қаражат та бөлінді, деп хабарлайды «Мой Город» порталы.
«Бізде көпшілік шараларды өткізу жайттарын анықтауға көмектескендерге сыйақы төлеу тетігі бар. Біреулер оны «сөз жеткізу, сөз тасу» деп атайтын шығар. Бірақ олай емес. Бұл – қоғамға көрсетілген көмек, қолдау. Сол үшін ақша қарастырылып отыр», – деді Есқалиев коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шұғыл штабтың отырысында.
Комиссия сыйақының мөлшері мен дәлел келтіру тәртібін анықтайды. Ал заңсыз той өткізу туралы хабарларды Батыс Қазақстан облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жолдауға, я болмаса, полиция департаментіне хабарласуға болады.
Әкімнің сөзіне қарағанда, бүгінде облыс бойынша 130 бақылау тобы бар. Бірақ олардың күші жеткіліксіз. Сол себепті аймақ тұрғындары да заңсыз тойларды анықтауға көмектесуі керек.
«Вирус ешқайда кетпеді. Проблема әлі бар. СOVID-19 емдеудің нақты тәртібі табылмады. Сондықтан осы вирусты тек қоғам болып жеңе аламыз. Әрбір адамның сана-сезіміне байланысты», – деп атап көрсетті Есқалиев.
26 тамыз 2020 ж. 138 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области