Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Комиссия шешім қабылдады: Қазақстанда тағы қандай нысандар ашылады

Комиссия шешім қабылдады: Қазақстанда тағы қандай нысандар ашылады

Kyzylorda-news.kz. Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссия отырысында нысандардың қызметін жеңілдетудің екінші кезеңі мақұлданды, деп жазды премьер-министрдің ресми сайты.

Денсаулық сақтау министрлігі шектеу шаралары COVID-19 инфекциясын 10 есеге, жедел жәрдемді шақыру санын 4,2 есеге, ауруханада жатқандардың санын 80%-ке төмендетуге мүмкіндік бергенін, ал мобильді бригадалар саны 7,6 есеге артқанын хабарлады.

Ведомствоаралық комиссия қазіргі жағдайды ескере отырып, биыл 31 тамыздан бастап келесі нысандардың қызметін қайта бастау туралы шешім қабылдады:

діни объектілер (жеке, ұжымдық іс-шаралар өткізілмейді);
бассейндер (жеке форматта, 1 келушіге 5 шаршы метр су беті есебінен, алдын ала жазылу арқылы);
жаттығу залдары (1 келушіге 5 шаршы метрге дейін, алдын ала жазылу арқылы);
спорт кешендері (1 келушіге 5 шаршы метрге дейін жеке және топтық жаттығулар үшін);
мәдениет нысандары (1 келушіге 5 шаршы метрге дейін, толымдылығы 50%-тен аспайды, оның ішінде кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 30 адамға дейін ұжымдық дайындықтар, үзілістерде бөлмелерді желдету, бетперде тағу);
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар: мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, қорықтар, резерваттар және т. б. (жеке және ұйымдасқан топтар үшін 15 адамнан аспайтын, әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, кемінде 2 метр, бетперде тағу);
қала маңындағы жолаушылар пойыздарының/электр пойыздарының, қалааралық, облысішілік автобустардың/шағын автобустардың қозғалысына рұқсат беріледі.
«Барлық нысанға тиісті дайындық актілерін алғаннан кейін ғана жұмысқа кірісуге рұқсат беріледі. Өңір әкімдіктері денсаулық сақтау министрлігі, «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, қоғам белсенділерін тарта отырып, енгізілетін нысандардың барлық санитарлық талапты қатаң сақтауын қамтамасыз етуі қажет», — деп атап өтті Тоғжанов.

Кеңес қорытындысы бойынша премьер-министрдің орынбасары бірқатар нақты тапсырма берді.
26 тамыз 2020 ж. 148 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области