Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Мектепке жол»: Жалағашта 30 оқушыға құрал-жабдықтар үлестірілді

«Мектепке жол»: Жалағашта 30 оқушыға құрал-жабдықтар үлестірілді

Kyzylorda-news.kz. Жаңа оқу маусымының қарсаңында «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында Еңбек ауылдық округінде 30-ға жуық оқушыға қажетті құрал-жабдықтар үлестірілді.

Акция аясында «Еңбек Жер» ЖШС-ның төрағасы Шакизатхан Искаков 560 мың теңгеге мектеп оқушыларына 8 планшет табыстады. Ал ауылдың төл перзенті Нұрдаулет Кенжебаев 2 оқушыға моноблок тарту етсе, Ғалия Байділдаева 1 оқушыға ноутбук сыйлады. Сондай-ақ бірқатар жеке кәсіпкерлер 10 оқушыға бір данадан смартфон үлестірді.

Республикалық акциядан Мардан Байділдаев атындағы № 232 орта мектеп ұжымы да қалыс қалмады. Яғни ауыл мектебіндегі ұлағатты ұстаздар шәкірттеріне көптеген смартфон сыйға тартты.

Шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқандардың қатарында ауылдағы емхана ұжымы мен мәдениет үйі қызметкерлері де бар.

Еңбектегі ақ халатты абзал жандар мен өнерлі азаматтар да балалардан базарлығын аяған жоқ. «Мектепке жол» акциясында ғалым атындағы орта мектепті әр жылдары тәмамдаған түлектер де оқушыларға өз сыйлықтарын үлестірді.
27 тамыз 2020 ж. 230 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области