Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанның басым бөлігі жауын-шашынсыз болады

Қазақстанның басым бөлігі жауын-шашынсыз болады

Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі, желдің екпіні күндіз 23 м/с артады, бұршақ жаууы ықтимал.

Таңертең және күндіз Қызылорда, күндіз Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі.

Қызылорда облысында, Түркістан облысының кей жерлерінде, Атырау, Жамбыл, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
28 тамыз 2020 ж. 114 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области