Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Мұғалімдер мен оқушыларға арналған тариф 1 қыркүйектен бастап іске қосылады

Мұғалімдер мен оқушыларға арналған тариф 1 қыркүйектен бастап іске қосылады

Kyzylorda-news.kz. Мұғалімдер мен оқушыларға арналған «Білім» тарифі жаңа оқу жылынан бастап іске қосылады. Бұл туралы «Күнделік» ЖШС бас директоры Мұхтар Ілиясов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін ұялы байланыс операторлары мұғалімдер мен оқушылар үшін арнайы тарифтік жоспар әзірлеп жатқаны туралы хабарланған болатын.
28 тамызда өткен онлайн баспасөз мәслихатында БАҚ өкілі арнайы тарифтің қашан іске қосылатынын сұрады.
«Мұндай тариф шынымен де бар екенін растаймын. Жетекші ұялы байланыс операторлары «Білім» тарифін әзірледі, құны – 990 теңге. Ол жаңа оқу жылынан бастап қолжетімді болады», – деді Ілиясов.
Ол арнайы тарифтен kundelik.kz ресурсына мегабайт жұмсалмайтынын атап өтті.
Тарифтік жоспарда мұғалім мен оқушы арасындағы лимитсіз қоңыраулар, сондай-ақ, білім және ғылым министрлігі белгілеген отандық білім беру ресурстарына лимитсіз қосылу қарастырылған.
28 тамыз 2020 ж. 173 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области