Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Кішкене Айбосынов: Президент Жолдауы – қарапайым ауыл еңбеккерлеріне жаңа мүмкіндіктер ашып отыр

Кішкене Айбосынов: Президент Жолдауы – қарапайым ауыл еңбеккерлеріне жаңа мүмкіндіктер ашып отыр

Kyzylorda-news.kz. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын жариялады.

Ел Президенті өз сөзін пандемиямен күрес кезінде халықтың амандығы үшін еңбек еткен азаматтарға алғыс білдірумен бастады. Індет өршіген уақытта көп аймақтарда дәрі-дәрмек тапшылығы орын алғаны белгілі. Бүгінгі Жолдауда Қасым-Жомарт Тоқаев : «Отандық фармацевтика саласын аяғынан тік тұрғызу керек. Барлық дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар Қазақстанда өндірілуі тиіс. Бұл – ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Келесі жылдан бастап осы бағытта нақты нәтиже күтемін», -деді. Қауіпті індетпен күреспен әлі де жалғасады. Осы орайда барлығымыз бірлігімізді танытып, індетпен күресуге атсалысуымыз қажет.

Жолдауда айтылған тағы бір өзекті мәселе ауылшаруашылығы саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінетіндігі, оның ішінде ауыл еңбеккерлерінің еңбегі бағалануы қажеттігіне басымдық беру болды. Қазір пайданың көп бөлігін алыпсатарлар көріп жатқандығы айтылды. Сондай-ақ, Президент балық шаруашылығы саласын жандандыруды қолға алу керек екендігіне тоқталды. Бұл тіршілігі теңізбен тығыз байланысты аралдықтар үшін қуанышты жаңалық болды. Теңізді жағалай орналасқан ауыл тұрғындары негізінен балық аулаумен айналысады. Ауданда бірнеше ірі балық өңдеу зауыттары жұмыс істейді. Ал Президент Жолдауынан кейін балық шаруашылығы әлде де жанданып, Аралдың балығына деген сұраныс көбейіп, тұрғындардың тұрмыс жағдайының жақсаруына оң әсерін тигізетініне сенімім мол.

Бұдан бөлек Президент қазіргі кезеңдегі білім беру, денсаулық сақтау, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы маңызды мәселелердің шешімін табу үшін атқарылатын жұмыстарды түсінікті түрде айтып өтті.
Тарихи құжат елдің бүгіні мен болашағын, алдағы мақсат-міндеттерімізді айқындап берді. Осы айқындалған міндеттерді сіз болып, біз болып орындауымыз қажет.
Бұл Жолдау Қазақстандағы орнықты даму саясаты дәйекті түрде жүргізіліп келе жатқанын тағы бір мәрте паш етті деуге толық негіз бар деп ойлаймын.

Кішкене АЙБОСЫНОВ,
Арал аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы
01 қыркүйек 2020 ж. 181 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области