Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада туған күн тойлаған әкімдік қызметкерлері жазаланды

Қызылордада туған күн тойлаған әкімдік қызметкерлері жазаланды

Kyzylorda-news.kz. Елімізде коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында карантиндік шектеулер енгізіліп, ұжымдық, жанұялық барлық жиындарға тыйым салынған болатын.

Дейтұрғанмен, аталған шектеулерді бұзатындардың қатарынан карантин талаптарының сақталуына бақылау жасайтын құзырлы мемлекеттік орган қызметкерлері де кездесуде.

Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында шектеулерді сақтамаған Шиелі ауданы әкімдігінің 4 қызметкерінің тәртіптік істері қаралды.

Тәртіптік істерді қарауға «Youtube» сайтында жарияланған бейнежазба негіз болды. Бейнежазбада Шиелі ауданы әкімі аппаратының басшысы мен бірнеше әкімдік қызметкерлерінің карантин кезеңіндегі шектеулерге қарамастан, туған күн кешіне қатысып, тойлап жатқаны жарияланған. Әкімдік қызметкерлері карантин талаптарын сақтамай, өздерінің іс-әрекеттерімен азаматтар тарапынан сыни пікірлердің туындауына себепкер болған.

Тәртіптік істердің материалдарымен танысқан Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері, карантиндік шектеулерді сақтамай Әдеп кодексі талаптарын бұзғаны үшін Шиелі ауданы әкімі аппаратының басшысына «сөгіс» берілгені дұрыс деп тапты.

Ал, туған күн кешіне қатысқан аудан әкімі аппаратының бас маманына, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының орынбасарына және аудандық ішкі саясат бөлімінің жетекші маманына «ескерту» түріндегі тәртіптік жазаны қолдану жөнінде шешім етті.
03 қыркүйек 2020 ж. 151 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области