Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ


    Қызылорда облысындағы елді мекендерді және ауыл шаруашылығы алқаптарын су басу қауіпінің алдын алу мақсатында тиісті шаралар қабылдануда. Аймағымызда өткен 2017 жылы «Су басу қатерінің алдын алу және жоюдың 2017-2020 жылдарға арналған кешенді шаралары туралы» Жол картасы қабылданды.
    Аталған жол картасы аясында ауқымды жұмыстар атқарылды. Оның ішінде облыс аумағынан өтетін Сырдария өзені бойындағы қорғаныс бөгеттерінің жалпы ұзындығы 171 шақырымды құрайтын 95 нысанға жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, 2017 жылғы су тасқыны қатерін жою мақсатында зақымдалған көпірге және «Жалағаш-Жосалы» автожолының бір бөлігіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
    Бұған қоса, жылы «Қызылорда қаласының шегінде Сырдария өзенінің сол жағалауын бекіту және реконструкциялау» жобасы басталып, жалпы 8,8 шақырымның 1,4 шақырымына қорғаныс бөгеті салынды.   

08 ақпан 2018 ж. 1 039 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области