Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қыркүйектің соңында карантин күшейе ме – бас санитар дәрігер жауабы

Қыркүйектің соңында карантин күшейе ме – бас санитар дәрігер жауабы

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова қыркүйектің соңында карантинді күшейтуге қатысты алыпқашпа әңгімені жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бас санитардың айтуынша, мұндай әңгімені ойдан шығара салады. Мәселен, адамдар жиналып, осы мәселені талқылайды да, біреудің «болжамынан» кейін сыбыс тез тарап кетеді.

«Мұндай ақпаратқа сенбеңіздер. Мемлекеттік органдардың ақпаратын, яғни ресми мәліметті пайдалануды сұраймыз. Соған сенгеніңіз дұрыс «, – деді Есмағамбетова журналистерге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, бүгінде санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Мамандар күн сайын жалпы республика бойынша, сондай-ақ, әрбір аймақ мен елді мекен бойынша жағдайды қадағалап отырады.

«Ауруға шалдыққандардың саны азайып келеді. Дегенмен, науқастар әлі анықталып жатыр. Бүгінде ПТР-тесті оң нәтижесі бар коронавирус та, ПТР-тесті теріс нәтиже көрсеткен коронавирус та тіркелуде. Біз жағдайды бақылап отырамыз. Барлық шешім санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға қарай қабылданады», – деп атап көрсетті Есмағамбетова.

Айта кетсек, елде індет басталғалы 106 855 адам коронавирус, 29 658 адам пневмониямен ауырды.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі егер Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан науқастар саны тәулігіне 30 мыңға жетсе, ең қатаң карантин жарияланатынын хабарлаған болатын.
14 қыркүйек 2020 ж. 164 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области