«Nur Otan» партиясы зейнетақы жинағының бір бөлігіне салық салмауды ұсынды

«Азаматтардың зейнетақы жинағын алу кезінде салық түрінде ұстауға жоспарланған қаражат мемлекеттің барлық экономикалық мәселесін шешпейді, бірақ тұрғын үй мәселесін шешуде, мұқтаж азаматтарды емдеуде айтарлықтай көмек бола алады», – деді партиялық куратор, мәжілістегі «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Артур Платонов.
«Nur Otan» партиясы президенттің бастамасы, ең алдымен, халықты әлеуметтік қолдауға бағытталған, сондықтан зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану кезінде ерекше жағдайлар қарастыру қажет деп есептейді.
Айта кетсек, салық кодексіне сәйкес қазақстандықтар зейнетақы жинағының бір бөлігін алатын болса, соманың 10%-ін салық түрінде төлеуге міндетті.