Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жарлыққа қол қойды
Kyzylorda-news.kz. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқан қаласында Қазақстан Республикасының Бас консулдығын ашу туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорда.
"Самарқан қаласында (Өзбекстан Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығы ашылсын", - делінген жарлық мәтінінде.
Мемлекет басшысы үкіметке осы жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Самарқан – Өзбекстандағы ежелгі қала, Самарқан облысының орталығы. Зеравшан өзен аңғарында орналасқан. Онда жарты миллионнан астам адам тұрады.
4 ғасырдан 6 ғасырға дейін Түрік қағанатының құрамына енген Соғды мемлекетінің, 14 ғасырдың аяғы мен 15 ғасырдың басында Әмір Темір мемлекетінің, ал 1924-30 жылдары Өзбекстанның астанасы болды.
1938 жылдан облыс орталығы. 1970 жылы қазанда Самарқанның 2500 жылдығы аталып өтті.