Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада ҚМДБ өкілдері 2000-ға жуық ағаш екті

Қызылордада ҚМДБ өкілдері 2000-ға жуық ағаш екті

Kyzylorda-news.kz. ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы бастаған Сыр имамдары мен жамағаты республикалық акцияға үн қосты.
Елордада ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен бастау алған «30 жылдық мерейтойға – 30 мың түп ағаш отырғызу» акциясы бір мезетте барлық облыста ұйымдастырылып, республика көлемінде жалғасын тапты.
Игі бастама аясында бүгін Қызылорда облысында мәдени орындар мен ауруханалардың, мешіттердің аулаларына 760 түп ағаш отырғызылса, республика бойынша 30 000 түп ағаш тамыр жаймақ. Жалпы есеппен 30 жылдық мерейтойға орай, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйытқы болуымен жыл басынан бері аймақта 2000-ға жуық көшет отырғызылды.
Айта кетейік, ҚМДБ-ның құрылғанына 30 жыл толуына байланысты жер-жерде 30 жетім балаға, 30 отбасына қайырымдылық көмек көрсету, 30 елдімекеннің ауыз су, жол-көпір мәселесін шешуге ықпал ету, тарихи көрмелер ұйымдастыру, ҚМДБ туралы деректі фильм түсіру, әл-Фараби, Абай сынды тұлғалардың, ел ішінде есімі еленбей жүрген 30 дін қайраткерінің есімін мешітке беру, ауылдағы 30 мешітті күрделі жөндеуден өткізу, т.б. сауапты да салауатты шараларды жүзеге асыру жоспарға енгізілген.

24 қыркүйек 2020 ж. 187 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области