Қызылордада аз қамтылған 10866 отбасына атаулы әлеуметтік көмек төленді
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында 75 мыңнан астам ардагерлер, 11 ҰОС ардагері, 4 270 тыл ардагерлері. 75 мыңнан астам зейнеткерлер, 30 мыңнан астам мүгедектігі бар адамдар, 25 мыңнан астам көп балалы отбасы бар.
Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының дерегінше облыс бойынша 2020 жылдың 1 қыркүйегіне бюджеттен 56348 аз қамтамасыз етілген азаматтарға 3079,5 млн. теңге әлеуметтік көмек төленген.
Жалпы облыста бүгінгі күнге аз қамтылған 10866 отбасына 2956,7 млн. теңгеге атаулы әлеуметтік көмек төленді. Олардың 3596-ы көпбалалы отбасылар. Бір отбасына төленген АӘК-тің орташа мөлшері 46 мың теңгені құрады.
Тұрғын үй көмегін көрсетуге 418, 8 млн. теңге қаражат қаралып, 4 029 отбасына 122.7 млн. теңге төленді.
Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларындағы 1 - 6 жас аралығындағы 10 933 бала ай сайын кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз етіліп отыр.
Сонымен қатар «Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдауға бағытталған әлеуметтік қызметтер» әлеуметтік жобасы шеңберінде халықтың осал топтары қатарына жататын 225 азамат күнделікті бір мезгіл түскі ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп отыр. Қимыл-қозғалысында қиындығы бар тұлғаларға ыстық тамақты үйлеріне жеткізіліп беріледі. Жобаны іске асыруға 2020 жылы 49,1 млн. теңге қаражат бөлінген.