Қызылорда облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы тағайындалды
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы әкімінің өкімімен Тремасова Юлия Александровна Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
Юлия Тремосова 1975 жылы туған, Қызылорда политехникалық институтын «Бухгалтер-экономист» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1992 жылы «Қызылорда электр жарығы» ЖШС-нің жұмыскері ретінде бастаған.
1996 - 2005 жылдары Қызылорда облыстық экономика басқармасының маманы, І дәрежелі маманы, аға маманы, жетекші маманы, бас маманы;
2005 - 2018 жылдары Қызылорда облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бөлім басшысы.
2018 жылдан осы кезге дейін Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет атқарып келді.