Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Емханаға тіркелу науқаны аяқталды

Емханаға тіркелу науқаны аяқталды

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін халықтың өз таңдауы бойынша қалаған емханаға тіркеу науқаны жүргізілді.
Биылғы науқан кезінде Қызылорда облысында 3939 тұрғын медициналық ұйымды өз еркімен таңдады. Оның ішінде 2511 адам медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету ұйымы арқылы тіркелсе, қалған 1 428 азамат онлайн қызметті қолданды.
Өңірде тіркеу науқанына 21 медициналық ұйым қатысты. Оның 8-і жеке медициналық мекеме. Келер жылы кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде халыққа қызмет көрсететін болады.
«Бастапқы медициналық көмек көрсететін ұйымын бірнеше жағдайда өзгертуге болатындығын атап өткім келеді. Егер адам өзінің тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жерін, жұмысын немесе оқу орының өзгерткен болса, басқа елді мекенге қоныс аударса, емхана Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жеткізушілері қатарынан шығып кетсе, тіркеуді ауыстыруға мүмкіндік бар. Бұдан басқа, кез келген азаматтың жылына бір рет тұрғылықты жері аймағы бойынша емхананы ауыстыруға құқығы бар. Егер тіркелген адамдар шамадан тыс көп болса, Денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен қызмет көрсету аймақтан тыс жерде тұратын азаматты емханаға тіркемеуі мүмкін. Жалпы практикалық дәрігердің учаскесінде 1700 пациенттен артық болмауы тиіс», – деді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.
Айта кетейік, тіркелген азаматтар 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және МӘМС жүйесінде осы ұйымда медициналық көмекті ала бастайды. Сондай-ақ, сақтандыру мәртебесін Электрондық үкімет порталында, Қор сайтында, Telegram-дағы SaqtandyryBot және «Колдау 24/7» мобильді қосымшасы арқылы білуге болады.
19 қараша 2020 ж. 223 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области