«Қайырымдылық керуені» Шиеліде

Атап айтар болсақ, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Шиелі аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен аудандағы әлеуметтік жағдайы аз қамтылған 30 отбасыға азық-түлік қоржындары таратылып, 8 мұқтаж жанұяға 4 тонна көмір жеткізілсе, науқас сәбиге үміт сыйлау мақсатында дәрі-дәрмегін алуға 100000 тг көлемінде қаржылай көмек көрсетілді.
Ауданға жұмыс сапарымен барған облыстың Сыр өңірінің Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы игі шараға арнайы қатысып, мұқтаж отбасыларды зиярат етті.