Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырғандардың саны азайып келеді
Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда өткен тәулікте тағы 670 адамның коронавирус індетіне шалдыққаны белгілі болды.
Бір күн бұрын, дүйсенбіде 712, ал жексенбіде 773 науқас тіркелген болатын.
7 желтоқсанда Қызылорда және Ақтөбе облыстарында қауіпті вирусты жұқтырған бірде-бір адам анықталған жоқ.
Өңірлер бойынша мәлімет:
Нұр-Сұлтан қаласы – 41,
Алматы қаласы – 65,
Шымкент қаласы – 2,
Ақмола облысы – 60,
Алматы облысы – 23,
Атырау облысы – 61,
Шығыс Қазақстан облысы – 71,
Жамбыл облысы – 18,
Батыс Қазақстан облысы – 40,
Қарағанды облысы – 30,
Қостанай облысы – 75,
Маңғыстау облысы – 1,
Павлодар облысы – 104,
Солтүстік Қазақстан облысы – 75,
Түркістан облысы – 4.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 137 653.