ДДСҰ коронавирустың жаңа мутациясы туралы айтты
Kyzylorda-news.kz. Мутация нәтижесінде пайда болып, Ұлыбританияда тараған коронавирустың SARS-CoV-2 жаңа штамы бұрынғыға қарағанда тез таралады, бірақ аурудың қауіптілік деңгейін өзгертпейді. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының COVID-19-ға қарсы жаһандық күрес жөніндегі арнайы өкілі Дэвид Набарро айтты.«Ол өте жұқпалы, бірақ аса қауіпті емес», – деді.
Набарро жаңа штамға байланысты эпидемиямен күресудің тәсілдеріне өзгерістер енгізілмейтінін атап өтті.
Еске салсақ, бұған дейін Ұлыбританияда коронавирустың тез таралатын түрі шыққанын хабарлаған болатынбыз.






		
		


















