Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада биыл ана мен бала өлімі көбейді

Қызылордада биыл ана мен бала өлімі көбейді

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында өткен жылмен салыстырғанда ана өлімі 60,8 пайызға, нәресте өлімі 11,8 пайызға жоғарылады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Анар Шүкірова мәлімдеді.
CОVID-19 пандемияға байланысты жүкті әйелдерді қашықтықтан бақылау алғашқы рет енгізілді. Қатардағы 790 медициналық қызметкер індетке шалдықты.
«Ана өлімі себебінің – 83,3 пайызы жүктілікке байланысты емес аурулардан болған. Олардың 58,3 пайызы коронавирустық инфекцияға шалдығып, асқынуларынан қайтыс болған. Жүкті әйелдердің 58,4 пайызында созылмалы аурулар анықталып, анемия орташа республикалық көрсеткіштен 2 есе жоғары болды. Соның салдарынан жүктіліктің, босанудың және босанғаннан кейінгі кезеңнің жыл сайынғы асқынуының өсуі байқалады. Амбулаториялық деңгейдегі тексеру нәтижесінде әйелдердің 66,6 пайызында бүйрек аурулары және анемия экстрагениталдық патологиялары кездесті. Қайтыс болғандардың 53,8 пайызы ауылдық жерлердің тұрғындары. Бұл тек медициналық ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік-тұрмыстық факторлармен де байланысты болуы мүмкін, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Анар Шүкірова.
Пандемия кезінде облыста 17 жасқа дейінгі 75 бала COVID-19 шалдығып, 85 пайызы орташа ағымды түрімен ауырды. Балалар арасында COVID-19-дан өлім-жітім тіркелген жоқ. Жалпы биыл бала өлімі өткен жылдың 11 айымен салыстырғанда 11,8 пайызға өсті.
Өлім жағдайлардың негізгі себептері жүктілік кезіндегі асқынулармен байланысты. Сонымен қатар, өңірдегі әйелдердің денсаулық индексінің төмендігі де өзінің әсерін тигізеді. Құрсақішілік ұрықтың іштей өлуі бірден бір себебі. Биылғы жылы құрсақішілік ұрық өлімі, былтырғы жылмен салыстырғанда -12,4 % өсім көрсетіп отыр», – деді басқарма басшысының орынбасары.
Айта кетейік, биыл аймақта 19497 нәресте дүниеге келді. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2293-ке көбейді.
21 желтоқсан 2020 ж. 145 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области