Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЕҢБЕКПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

ЕҢБЕКПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ


Жұмыссыздық деңгейін 4,8 пайыздан асырмау бойынша шаралар қабылдау.
Нәтижелі жұмыспен қамтуға азаматтарды тарту үшін барынша мүмкіндіктер ұсыну үшін:
кем дегенде 1600 адамға еңбек нарығындағы қажеттілігі бар мамандықтар бойынша қайта даярлау және қысқа мерзімді курстарда кәсіби дағды алуға мүмкіндік ұсыну;
жұмыссыздардың ішінен әлеуметтік жұмыс орындарына кем дегенде 419 адамды, жастар тәжірибесіне 1212 және қоғамдық жұмыстарға 6400 адамды бағыттау;
кем дегенде 10 мың тұрақты жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал жасау;
хабарласқан нысаналы топтардың ішінен тұрақты жұмысқа орналасқандар үлесінің 47,1 пайыздан кем болмауын қамтамасыз ету;
өңірдегі қажетті мамандықтар бойынша аз қамтылған отбасынан шыққан студенттерді оқыту үшін әлеуметтік көмек көрсету;
заңнамалармен көзделген барлық әлеуметтік төлемдердің уақтылы және толыққанды төленуін қамтамасыз ету;
әлеуметтік келісімшарт негізінде жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек алатын еңбекке қабілетті отбасы мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамтамасыз ету;
Қызылорда облысы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған «Бейресми жұмыспен қамтылған халықты заңдастыру экономикаға және міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне тарту» Жол картасының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
2018 жылдың 1 шілдесінен бастап кәмелетке толған, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерді бағып отырған ата-аналар үшін қосымша мемлекеттік жәрдемақының енгізілуіне байланысты қажетті жұмыстарды жүргізу;
мемлекеттік сатып алу тапсырысшыларымен тауар өндіретін немесе жеткізетін, жұмыс атқаратын, қызмет көрсететін мүгедектердің қоғамдық ұйымдарымен құрылған мүгедектердің қоғамдық ұйымдарын қолдауға қатысты мемлекеттік сатып алу туралы заңнамалардың сақталуына мониторингті қамтамасыз ету;
нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыруды қамтамасыз ету;
жұмыспен қамту орталықтарын трансформациялау және «Электрондық еңбек биржасы» интернет ресурсына өту;
2018-2019 жылдарға арналған «Бейресми жұмыспен қамтылған халықты заңдастыру бойынша Жол картасының» жүзеге асырылуын;
модернизациялау нәтижесінде қызметкерлер санының өзгеруі мүмкін облыстың ірі кәсіпорындарындағы қызметкерлерінің ағынын басқару Жол Картасының жүзеге асырылуын;
Қызылорда облысында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2017-2018 жылдарға арналған  Жол картасының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша облыстық үш жақты комиссияның отырыстарын тоқсанына кемінде 1 реттен өткізу;
облыстағы кәсіпорындарда қызметкерлердің жаппай жұмыстан босатылуына жол бермеу мақсатында, қызметкерлердің еңбек шарттары мен құқықтарын сақтау жөніндегі 2018 жылға жасалған меморандумдардың орындалуына бақылауды қамтамасыз ету;
мүдделі органдармен бірлесе отырып еңбек заңдылықтарының бұзылу фактілеріне, әсіресе, облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарында жалақының уақтылы төленбеуіне жедел әрекет ету;
облыстық кәсіподақ комитетімен бірлесіп облыс кәсіпорындарында ұжымдық келісім-шарттардың орындалуына мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету;
аймақ кәсіпорындарында еңбекті қорғауды жақсарту және қауіпсіздікті арттыру бойынша қосымша шаралар кешенін әзірлеу.

14 ақпан 2018 ж. 1 230 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области