Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда: Қала әкімі тұрғындарды қабылдады

Қызылорда: Қала әкімі тұрғындарды қабылдады

Kyzylorda-news.kz. Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев тұрғындарды онлайн қабылдады. Кезекті қабылдауда тұрғындар жеке мәселелерін айтып, қала басшысына сауалдарын жолдады. Онлайн форматтағы кездесуге тұрғындар әлеуметтік көмек, жол, тұрғын үй, жер және т.б мәселелер бойынша қабылдауға жүгінді. Әр тұрғынның мәселесін жеке тыңдаған қала басшысы мәселенің жедел шешілуін назарға алды.

Мәселен жеке қабылдауға Белкөл кентіндегі жол және темір жолдан өтетін аспалы көпірдің жайын сұрай келген тұрғынға «Аспалы көпір мәселесін шешуге яғни көпірдің құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттік өтінім берілді. Сәтін салса құрылыс жұмыстары жылдың басында басталып, жыл аяғына дейін көпір көптің игілігіне берілетін болады» – деген шаһар басшысы жол жөндеу жұмыстарының да көп күттірмей шешілетінін айтты. Сондай-ақ, қала әкімі қабылдауда Гагарин қыстағындағы А.Ақаев көшесінің мұңын айтқан тұрғындарға көктемде көше жөнделіп, жарық мәселесі де жайластырылатындығын жеткізді.

Сонымен қатар қабылдау барысында қала әкімі тыңдалған әр мәселенің түйінін тарқатып, көтерілген мәселеге байланысты жауапты сала басшыларына тиісті шараларды дер кезінде қабылдауды тапсырды.

Айта кетейік жыл басынан бері қала әкімі 1500-ға жуық қызылордалықты жеке мәселесімен қабылдады. Әкімдікке мәселесін айтып, мұқтаждығы бойынша жүгінгісі келетін азаматтарды карантиндік талаптарды сақтай отырып онлайн қабылдау жүргізіп, тұрғындар тарапынан көтерілген әр мәселенің заң аясында шешілуін ұдайы назарда ұстап келеді.
29 желтоқсан 2020 ж. 141 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области