Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазалыда 925 тұрғын қайтарымсыз грантқа қол жеткізді

Қазалыда 925 тұрғын қайтарымсыз грантқа қол жеткізді

Kyzylorda-news.kz. Елімізде қолынан іс келетін азаматтарға кәсіп ашып, өз жұмысын бастауға арналған түрлі бағдарламалар бар. Соның ішінде нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының тиімділігі өте жоғары.

Бағдарламаның екінші бағыты «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бойынша 2020 жылы жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант (стартап) алуға 513 млн.теңге қаржы қаралды.

Бұл қаржы Қазалы ауданындағы 925 тұрғынға беріліп, кәсіптерін ашуға септігін тигізді. Өз кезегінде олар берілген қаржыға қажетті еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтар мен төрт түлікті сатып алды.

Қайтарымсыз грантқа қол жеткізгендердің бірі Шәкен ауылында тұратын ІІІ топ мүгедегі Жарқынай Әлімбетова. Ол 555 600 теңгеге тігін шеберханасына қажетті құрал-жабдықтарды сатып алған.

Айта кетейік, грант алған азаматтардың 248-і жастар, 490-ы көп балалы отбасы мүшелері, 9-ы мүмкіндігі шектеулі жандар болса, 178-і басқа санаттағы жұмыссыздар.
30 желтоқсан 2020 ж. 114 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области