Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда: Кәсіпорындар мен мекемелерде орын алатын жазатайым оқиғалар 38%-ға азайған

Қызылорда: Кәсіпорындар мен мекемелерде орын алатын жазатайым оқиғалар 38%-ға азайған

Kyzylorda-news.kz. Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасының басшысы Төреахмет Жолымбетов пен облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гаухар Қалмақованы қабылдап, өткен жылы еңбек саласында атқарылған жұмыстарды саралады.
Кездесуде облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасының басшысы Төреахмет Жолымбетов өткен жылы аймақта мерзімде аймақта әлеуметтік-еңбек даулары орын алған жоқ дейді. Басқарма қызметкерлері кәсіпорындар мен мекемелерге 134 тексеру жүргізіп, 188 заңбұзушылықты анықтаған. Нәтижесінде заң бұзған жұмыс берушілерге 30 әкімшілік шара көріліп, 3 млн теңгеден астам айыппұл салынған.
Өткен жылы кәсіпорындар мен мекемелерде орын алатын жазатайым оқиғалар 38%-ға, осы жағдайлардан қаза болу дерегі 39%-ға азайған.
Жиында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гаухар Қалмақова 2020 жылы жұмыстан қысқартылған азаматтарды қайта жұмыспен қамту мәселелері жайлы баяндады. Өткен жылы 38 кәсіпорында 309 адам қысқартылса, 89 адам өзге жұмысқа орналастырылған. Жұмысынан айрылуына байланыста 64 адамға төлемақы тағайындалып, 3 адам өз кәсіптерін ашу мақсатында несие алған.
Жұмыс орындарын сақтап қалу және әлеуметтік шиеленістердің алдын алу мақсатында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы 3208 кәсіпорынмен ынтымақтастық турала меморандум жасасқан.
Жиын соңында аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова басқарма басшыларына жұмыскерлердің жағдайын жіті қадағалауды қажеттігін жеткізді. Кәсіпорындардағы әлеуметтік шиеленістердің алдын алу бағытында бірқатар тапсырмалар берді.
«Өңірдегі кей кәсіпорындардың, әсіресе, шетелдік компаниялардың жұмыскерлері өз басшыларымен жиі жүздеспейді. Нәтижесінде қызметкерлер өздерінің мәселелерін тікелей басшыларына жеткізе алмай, әлеуметтік шиеленістер орын алып жатады. Сондықтан сіздер кәсіпорын басшыларына түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, олардың жұмысшылармен кездесіп тұруына ықпал етіңіздер», – деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.
06 қаңтар 2021 ж. 174 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области