Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел екпіні – 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады. Жел қарқыны 23-28 м/с жетеді.
Атырау облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын тұрады, жел жылдамдығы 25 м/с дейін күшейеді.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде боран соғады, желдің күші – 15-20, Мұғалжар ауданында – 23-28 м/с болады.
Қызылорда, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, жел екпіні – 15-20 м/с.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел қарқыны – 15-20 м/с. Түнде және таңертең жаяу бұрқасын көтеріледі.
Алматы облысының кей жерлерінде түнде көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі, күндіз жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түсіп, боран соғады.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.