Қызылорда – Семей бағытындағы пойыздың билеті қымбаттайды

Ресми мәліметке сәйкес, әлеуметтік маңызы бар бағыттарда халық жиі жүреді. Сол себепті осы санаттағы пойыздарға мемлекет тарапынан субсидия бөлінеді. Олар 106 бағытта жүреді. Соның ішінде 9 мемлекетаралық бағдар бар.
Бүгінде COVID-19 пандемиясына байланысты мемлекетаралық пойыздардың қатынасы тоқтатылды. Ал ішкі бағдарлардың саны қысқарып отыр. Қазіргі кезде әлеуметтік маңызы бар 32 бағдарда теміржол тасымалы ұйымдастырылған.
Билет бағасы 7 процентке қымбаттайтын бағдарлар:
№003/004 – Нұр-Сұлтан – Алматы;
№010/009 – Нұр-Сұлтан – Алматы;
№011/012 – Алматы – Шымкент;
№021/022 – Қызылорда – Семей;
№024/023 – Ақтөбе – Алматы;
№025/026 – Алматы – Шымкент;
№031/032 – Павлодар – Алматы;
№033/034 – Ақтөбе – Алматы;
№037/038 – Нұр-Сұлтан – Маңғыстау;
№041/042 – Алматы – Атырау;
№047/048 – Нұр-Сұлтан – Атырау;
№053/054 – Нұр-Сұлтан – Достық;
№067/068- Нұр-Сұлтан – Өскемен;
№77/78 – Алматы – Маңғыстау;
№085/086 – Нұр-Сұлтан – Сарыағаш;
№258/257 – Нұр-Сұлтан – Достық (жазғы уақытта);
№313/314 – Атырау – Маңғыстау;
№321/322 – Алматы – Сарыағаш;
№339/340 – Павлодар – Преснегорьковская;
№351/352 – Алматы – Өскемен;
№353/354 – Нұр-Сұлтан – Семей;
№373/374 – Алматы – Жезқазған;
№379/380 – Алматы – Орал;
№603/604 – Нұр-Сұлтан – Арқалық;
№613/614 – Орал – Ақтөбе;
№623-627/624-628 – Нұр-Сұлтан – Қызыл-Ту – Петропавл;
№673/674 – Павлодар – Нұр-Сұлтан;
№692/691 – Ақтөбе – Атырау.
Тіркемелі және жолда тоқтамайтын вагондар:
№21/22 – Алматы – Семей;
№77/313 /314/78 – Алматы – Күлсары;
№22/6941/6942/21 – Алматы – Достық (жазғы уақытта).
2021 жылдың 1 наурызынан бастап облысаралық және қала маңындағы әлеуметтік маңызы бар барлық бағыттарға теміржол билетінің құны 7%-ке артатыны хабарланған болатын.