Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордаға «BAZIS А» холдинг компаниясы» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы келді

Қызылордаға «BAZIS А» холдинг компаниясы» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы келді

Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда облысына «Bazis А» холдинг компаниясы» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Александр Белович жұмыс сапарымен келді.

А.Белович осы сапарында Қызылорда қаласындағы бірнеше құрылыс жобаларымен танысты.

Аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова мен «Bazis А» холдинг компаниясы» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Александр Белович алдымен «Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауындағы бас көше жолының «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автотрассасымен жанасатын жерінде көлік айрығын салу» жобасын көрді. Құрылыстың бас мердігері – «Bazis Construction» ЖШС. Жоба құны 4 млрд. 274,941 млн теңгені құрайды. Жол айрықтың құрылысы 2022 жылы аяқталады деп жоспарланған. Өңір басшысы мен мәртебелі мейман көлік айрығының іргетасын қалап, құрылыс жұмысына сәттілік тіледі.Мұнан соң Г.Әбдіқалықова мен А.Белович «Рухани жаңғыру» орталығына барып, сол жағалауда салынатын «Гүл бульвары» жобасымен танысты. Аталған жоба тұрғындардың демалысы мен серуендеуіне арналған. Барлығы 12 га аумақта сәулеттік фигуралар, түрлі түсті композиция, балалар және ойын алаңдары, субұрқақ, велосипед, ролик үшін алаңдар орналасады деп жоспарланған.

«Қорқыт ата» әуежайының терминалын реконструкциялау және кеңейту» жобасы да аймақ басшысы мен «Bazis А» холдинг компаниясы» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасыyың назарына ұсынылды. Жоба құны 1,5 млрд. теңге, құрылыстың аяқталу мерзімі 2022 жыл деп жоспарланған. Терминал толық іске қосылғанда сағатына 150 жолаушыға қызмет көрсетуге қабілетті болмақ.
21 қаңтар 2021 ж. 155 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области