Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ГАЗ ҚҰБЫРЫНДАҒЫ АҚАУ ҚАЛЫПҚА КЕЛТІРІЛУДЕ

ГАЗ ҚҰБЫРЫНДАҒЫ АҚАУ ҚАЛЫПҚА КЕЛТІРІЛУДЕ


    Облыс орталығына табиғи газ АГРС-1 мен АГТС-2-ден шығатын магистралды газ құбырлары арқылы беріледі.
    Бүгін сағат 11:35 шамасында қала іргесіндегі №2 автоматтандырылған газ реттегіш станциясынан ақау шығып, жұмысы уақытша тоқтатылды. «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалының бригадалары   қосалқы нысанда жөндеу  жұмыстарын жүргізуге кірісті.
    Осыған байланысты «Qyzylorda» телеарнасына сұхбат берген мамандардың айтуынша, ақау құбырлардың ажырап кетуінен шыққан көрінеді.
    Газ құбырындағы ақауға байланысты біз «Қызылорда жылу электр» орталығын резервтік отын – мазутқа көшірдік. Ал қалаға газ АГРС-1-дің магистралды құбыры арқылы берілуде. Ешқандай мәселе туындап отырған жоқ, – дейді облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Медет Усайн.
    Ал «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ облыстық филиалы директорының бірінші орынбасары Бауыржан Сәтмағамбетовтің айтуынша мамандар   ақауды қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оқиғаны зерттейтін арнайы комиссия құрылған.     

14 ақпан 2018 ж. 783 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области