Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысының бас дәрігері «Спутник V» вакцинасын салдырды

Қызылорда облысының бас дәрігері «Спутник V» вакцинасын салдырды

Kyzylorda-news.kz. Бүгін облыс көлемінде «Covid-19» инфекциясына қарсы егу жұмыстары басталды.Облыстың бас дәрігері Пазилов Сабит Бексеитұлы алғашқылардың бірі болып №3 қалалық емханада «Covid-19» қарсы Ресейде өндірілген «Спутник V» екпесін салдырды.

Алдымен емхана дәрігерімен денсаулық жағдайы тексеріліп, эпидемиологиялық анамнезі жинақталды. Аталмыш вакцина қабылдауға ешқандай қарсы көрсетілімдер болмағандығы себепті екпе егілді.

Екпе салынғаннан кейін 30 минут дәрігер қадағалауында болу үшін медициналық бақылау аймағына жіберіп, мамандар вакцинадан кейінгі күтім мен сақтық шаралары туралы түсіндірме жүргізіп өтті.

Айта кетейік, Қызылорда облысының халқына 80 000 доза вакцина салынады деп күтілуде. Бүгінде аймаққа 1000 доза вакцина жеткізіліп, №1, 3 және 6 қалалық емханаларда екпе жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы екпе жұмыстарын жүргізуге облыс бойынша барлығы 133 мейірбике тартылып отыр.
01 ақпан 2021 ж. 199 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области