Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » КӘСІБІН СҮЙГЕН ЭЛЬМИРА

КӘСІБІН СҮЙГЕН ЭЛЬМИРА


    Шағын және орта бизнесті дамытуда мемлекеттік бағдарламалардың көмегі зор. Осы бағдарламалар арқасында аймағымызда өз кәсібін ашып, шаруасын дөңгелеткендердің саны артуда. Қазір қолына ине-жіп ұстап, іс тігетін жанға кәсіп те баршылық. Эльмира Мақтабаева жастайынан тігінмен айналысып, үйдің тұрмысына қажетті көрпе, жастық, құрақ көрпешелерді өзі тігіп алатын. Бірнеше жыл үйінде жұмыссыз отырған жан тігіншілік өнерін жеке кәсіпке айналдырып, бизнесін ашуды ойластырады.
    Облыстық кәсіпкерлер палатасынан кеңес алып, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда облыстық филиалы арқылы 3 млн. теңге несие алып, Тасбөгет кентінен тігін цехын ашып, жұмысын бастады.
    «Өзімнің қолымнан келген тігінді тігіп, халыққа қызмет көрсетіп жатырмын. Оның көп пайдасы бар екен. Тіпті, қазір қарамағыма екі жұмысшы алдым. Біреуі тігін тігеді, екіншісі өтектеп, берілген тапсырысты реттеп отырады. Осылайша өз кәсібімізді жасап жатырмыз», - дейді Эльмира Мақтабаева.
     Ісмер әйел әзірге тігін цехын өз ауласынан ашып, жұмыс жасауда. Алған несиеге 4 тігін машинасын, мата, ине-жіп секілді қажетті құрал-жабдықтар алған. Тігін шеберханасында ісмерлер жастық, жастық қап, көрпе, көрпе қап сияқты тұрмысқа қажетті заттарға тапсырыс қабылдайды. Жаңадан ашылған тігін цехы үшін бұл үлкен жетістік.
    Тасбөгет кентінде орналасқан шағын цех бүгінде өз тұтынушыларын тауып, ашылғанына аз уақыт болса да келушілер көбейген. Одан бөлек, балабақша, ауруханалардан тапсырыс алып, еңбегінің жемісін көруде. Кәсіпкердің алдағы жоспары орталықтан перде тігетін шеберхана ашу. Ең басты мақсат – үлкен тігін шеберханасына айналу.
    Айта кетейік, өткен жылы Кәсіпкерлер палатасының кеңесшілері жалпы құны 2 млрд. 427 млн. теңгені құрайтын 372 жобаны сүйемелдеген. Жалпы, 2017 жылы кәсіпкерлер Палатадан 2187 қызметті тегін алған болса, бір жылда 7327 азаматқа кәсіп ашу және өзге де кәсіпкерлік саласына қатысты 15143 кеңес берілген.
    Қызылорда облысы
    кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі     

15 ақпан 2018 ж. 639 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области