Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жалағаш ауданының әкімі халықалдында есеп берді

Жалағаш ауданының әкімі халықалдында есеп берді

Kyzylorda-news.kz. Бүгін Жалағаш ауданының әкімі Асылбек Шаменов онлайн форматта 2020 жылы Жалағаш ауданы бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы есебін берді.

Биылғы есеп беру жиындары елімізде қалыптасқан эпидемиологиялық ахуалға сәйкес онлайн форматта өткізілуде. Бүгінге дейін кент, ауылдық округтердің онлайн форматтағы кездесулерінде тұрғындарды толғандыратын мәселелер талқыға салынып, оларды шешудің мүмкіндіктері мен тиімді жолдары сараланды.

Қорытынды есеп беру жиынына аудан тұрғындарымен қатар, ардагерлер, бұқаралық ақпарат құралдары мен үкіметтік емес ұйымдар, жастар өкілдері, облыстық басқрама, аудандық бөлім, мекеме басшылары, аудандық мәслихат хатшысы, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары және облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова арнайы қатысты.

Соңғы жылдары аудан экономикасының даму динамикасы нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді. Аудан бюджетінің көлемі 14,1 млрд теңгеге жетіп, жергілікті салық түсімдері 1 млрд 475 млн теңгеге орындалды.

Мемлекеттік бағдарламалар аясында шағын және орта кәсіпкерлікті бастау немесе одан әрі дамыту бағытында аудан бойынша 174 жоба 4,9 млрд теңгеге қаржыландырылып, 378 адам жұмыспен қамтылды. Ауданға тартылған инвестиция көлемі 23,2 млрд теңгені құрап, 2019 жылмен салыстырғанда 32,4 пайызға өсті. Кәсіпорындар және жеке сектор арқылы 9,9 млрд теңгені құрайтын өнеркәсіп өнімдері өндіріліп, 2019 жылмен салыстырғанда 5,8 пайызға жоғары орындалды.

2020 жылдың қорытындысымен Жалағаш ауданы облыста алдыңғы қатардан көрініп, «Үздік аудан» атанды. 22 млрд 297 млн теңгенің ауылшаруашылығы өнімдері өндірілді. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 0,7 пайызға артты.

Өткен жылы ауданда ауыл шаруашылығы саласында 3 инвестициялық жобалар жүзеге асырылды.

2020 жылы Жалағаш кентінен 10 несиелік тұрғын үй салынып, өткен жылдың желтоқсан айында табысталды. Биыл да бұл жұмыстар жалғасын тауып, 20 несиелік және 20 жалдамалы тұрғын үйлер салу жоспарлануда.Жеке сектор есебінен өткен жылы жалпы алаңы 15 709 шаршы метрді құрайтын 137тұрғын үй салынды, бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда 3,4 пайызға артты.

Өткен жылы «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Далдабай және Жаңақоныс елді мекендерінің ауыз су жүйесін қайта жаңғырту жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

Қазіргі таңда аудан тұрғындары 100 пайыз орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 784 млн теңгеге Жалағаш кентіндегі 6 көшеге, Қаракеткен және Таң ауылдарының кіре-беріс автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2020 жылы Мәдениет, Жаңаталап, Аққұм елді мекендерінің электр жүйелері толық жаңартылып пайдалануға берілсе, биылғы жылы Бұқарбай батыр елді мекенінде электр желілері қайта жаңғыртудан өткізіледі.

Аудан әкімі Асылбек Шаменов есепті баяндамасында Жалағаш кентін газдандыру жұмыстарына байланысты тоқталып өтті:-

«Қазір халықтың көптен аңсап жүрген өзекті мәселенің бірі-табиғи газ отынымен қамтамасыз ету. Жалағаш кентішілік газ желісін жүргізу үшін құрылыс жұмыстарының жалпы құны 3,5 млрд.теңгені құрайды. Жоспарға сәйкес құрылыс жұмыстары биыл толық аяқталып, іске қосылатын болады», – деді аудан басшысы.

Бұл көрсеткіштерден бөлек өңірде білім, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет секілді басқа да негізгі салаларда жетістіктер жеткілікті.

Есеп беру кездесуінде тұрғындар тарапынан аудан халқының тұрмысын жақсартуға қажетті деген ең маңызды мәселелер, өздерін толғандырып жүрген сұрақтар мен сауалдар ортаға салынды.Жалпы, жалағаштықтар аудан әкімінің жыл көлемінде атқарған жұмыстарына көңілі толатындықтарын жеткізді.

Мақпалкөл ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Қаржау Мұстафин, аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Кенжеғара Сүйлейменов әкімнің есебінен кейін сөз алып, жыл бедеріндегі айтулы жетістіктер мен алдағы жоспарларды қуаттайтындығын және аудан әкімінің халық артқан сенімді ақтау жолындағы еңбегін жоғары бағалайтындығын жеткізді. Сондай-ақ, аудандағы елді мекендердегі ішкі көшелерді жөндеу, кенткежақын орналасқан ауылдарды газдандыру, Мақпалкөл ауылдық округі бойынша электр желілері бағандарын қайта алмастыру қажеттігі жөнінде ұсыныс айтты.Кездесуде аудан тұрғындарына алғысын жеткізген аудан әкімі Асылбек Шаменов:

«Халқымызда «Бірлік бар жерде тірлік бар» деген қанатты сөз бар. Елдегі тыныштық пен бірлік арқасында алдағы уақытта да аудан экономикасының қарқынды дамуына құтты қадамдар жасалып, Сіздердің қолдауларыңызбен халық игілігі үшін алға мақсат етіп қойған жобаларымызды жүзеге асыратын боламыз, – деді Асылбек Шәменов.

«Жалағаш ауданының әкімі Асылбек Өмірбекұлы 2020 жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттерін өздеріңізге баяндап өтті. Жалпы, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамика бар. Атқарылып жатқан жұмыстар халықтың көз алдында. Алдағы уақытта да кәсіпкерлік саласындағы жұмыстарды қолға алып, осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру керек»,- деді Гүлшара Әбдіқалықова.
03 ақпан 2021 ж. 105 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области