Қызылордалықтар «102» қосымшасының тиімділігін жоғары бағалады
Kyzylorda-news.kz. 1 ақпаннан бастап қызылордалықтарға ыңғайлы болу үшін жаңа сервис – «102» мобильді қосымшасы іске қосылды.
Бұл қосымша полицейлердің оқиғаларға және азаматтардың хабарламаларына тиімді жедел ден қою мақсатында әзірленді.
Бүгінгі таңда «102» мобильді қосымшасына 6 жергілікті тұрғын жүгінді. 1993 жылы туған облыс орталығының тұрғыны жаңа онлайн-сервисті пайдаланып, 102 нөміріне қоңырау шалып, полицейлерге интернет алаяқтардың құрбаны болғаны туралы арызданды. Ол интернет-дүкенге жалпы құны 36 000 теңге болатын тауарға тапсырыс беріп, аталмыш тауар жәбірленушіге сол күйі жеткізілмеді.
«Мен бұл жағдайға қатты қапаландым, бірақ, Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жедел басқару орталығының операторлары бірден жауап беріп, өтінішті тіркеп, алаяқтарды іздеуге кіріскен кезде, мобильді қосымшаның тиімділігін түсіндім. Мен әділеттілік орнайды және қылмыскерлер лайықты жазасын алады деген сенімдемін», – дейді жәбірленуші.