Қызылордада кей жерлерде тұман түседі
Kyzylorda-news.kz. Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Сонымен бірге кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар), солтүстікте қар жауады. Тек еліміздің оңтүстік және батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.
Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, Ақтобе облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.
Алматы, Батыс Қазақстан облыстарның кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Түркістан, Манғыстау, Атырау, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.