Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сыр елінің агроөнеркәсіп саласында айтарлықтай өсім бар

Сыр елінің агроөнеркәсіп саласында айтарлықтай өсім бар

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова өңірдің 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары бойынша халық алдындағы есепті кездесуінде Сыр елінің агроөнеркәсіп саласында айтарлықтай өсім бар екендігін мәлімдеді.

Қазіргі таңда облыста 8,7 мың тоннадан астам әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қоры қалыптасқан. Оның 2,2 мың тоннасы тұрақтандыру қорының өнімдері. Бұл мақсатқа 1,2 млрд. теңге бөлінді.

«Соңғы 5 жылда аграрлық сектордың жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 4%-ға өсті. Бұл инвестициялардың жоғары өсу қарқынына, техникалық қайта жарақтандыруға және жаңа технологиялардың енгізілуіне байланысты. Тек соңғы жылдың өзінде агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі екі есеге өсті», – деді Гүлшара Наушақызы.

Сонымен қатар, өңірде ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты шамамен 9 пайызға өскен. Осы экспорттың 97 пайызы қайта өңделген өнімді құрайды.

2020 жылы алғаш рет шет елге қамыс экспортталды. Оның алғашқы 685 тоннасы Германияға жіберілді.

Сондай-ақ, Сыр елінен әлемнің 17 еліне ауыл шаруашылығы өнімдерінің 11 түрі экспортталды.
17 ақпан 2021 ж. 128 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области