Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Шешендер мен ингуштардың жер аударылғанына 77 жыл толды

Шешендер мен ингуштардың жер аударылғанына 77 жыл толды

Kyzylorda-news.kz. Шешендер мен ингуштардың жер аударылғанына 77 жыл толды.

Осыған орай Қызылорда облыстық «Вайнах» шешен этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтті.

Достық үйінде депортацияның қиын кезеңдері мен сол оқиғалардың куәгерлерін еске алу ниетінде құран оқылды. Осы орайда облыстық шешен этномәдени бірлестігі тарапынан мұқтаж 20 отбасына азық-түліктей көмек көрсетіліп, үйлеріне таратылды.

Мұндай игі іс аудан мен ауылдарда жалғасын табады.

Айта кетейік, шешендер мен ингуштардың Қазақстанға жер аударылуы 1944 жылдың 23 ақпанынан 9 наурызына дейін жалғасты. Оның барысында әртүрлі есептеулер бойынша 500-ден 650 мыңға дейін шешендер мен ингуштар шығарылды. Шығару кезінде және одан кейінгі алғашқы жылдары шамамен 100 мың шешен мен 23 мың ингуш көз жұмды. Яғни, екі халықтың төрттен бірі қайтыс болды.

Қазақстанға күнкөріс көзінсіз жер аударылған халықтар тек қазақ халқының бауырластық көмегінің арқасында өмір сүре алды. Олар тек өмір сүріп қана қоймай, өз тілдері мен мәдениетін сақтап қалды.
23 ақпан 2021 ж. 114 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области