Байқоңырда карантин шаралары 15 наурызға дейін ұзартылды

«Карантин «Байқоңыр» кешенінің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің және Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының шешімімен тағы екі аптаға ұзартылды. Яғни қолданыстағы шектеу шаралары күшінде қалады», – делінген хабарламада.
Кешегі күнге дейін Байқоңыр қаласында жалпы саны 1254 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Бұл көрсеткіш екі апта бұрын 1223 адамды құраған болатын. Қазіргі уақытта 8 науқас жұқпалы аурулар ауруханасында емделуде.