Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстан Президенті әйелдер қауымын мерекесімен құттықтады

Қазақстан Президенті әйелдер қауымын мерекесімен құттықтады

Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барша әйелдер қауымын Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

Құрметті ханымдар!

Баршаңызды Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Көктемнің шуақты мерекесі қашанда жүрегімізді сүйіспеншілік пен ізгілікке, мейірім мен шапағатқа бөлейді.

Біз жыл сайын осы күні адамзатқа әсемдік сыйлайтын әйелдер қауымына ықылас-ілтипатымызды білдіріп, ақ тілек арнауға асығамыз. Сіздердің мемлекет және қоғам өмірінде алатын орындарыңыз айрықша. «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген нақыл сөз бекер айтылмаған.

Еліміз әйелдердің әлеуетін толық танытуына жол ашып, олардың құқығын қорғауға және тұрмыс жағдайын жақсартуға баса мән береді. Мемлекеттің жүйелі қолдау көрсетуінің арқасында қыз-келіншектердің экономикадағы, саясат пен қоғамдық қызметтегі рөлі жыл өткен сайын арта түсуде.

Тәуелсіздік кезеңінде әйелдердің түрлі салада толағай табысқа жеткеніне бәріміз куәміз. Сіздердің жетістіктеріңіз жұртты жігерлендіріп, жаңа биіктерге жетелейді, жастарға үлгі-өнеге болады.

Әрқайсыңыздың белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз қоғамдағы көптеген өзекті мәселені ұтымды шешуге және елімізді жан-жақты дамытуға ықпал етеді.

Қазақстан әйелдерінің ақыл-парасаты, ерік-жігері мен жасампаздығы барлық қиындықты еңсеріп, сын-қатерлерге төтеп беруімізге септігін тигізуде.

Баршаңызға зор денсаулық пен бақ-береке тілеймін!
08 наурыз 2021 ж. 125 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области