Алдағы күндері Қазақстанның барлық аумағында күн жылынады

«Алдағы тәуліктерде Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасының жоғарылауы күтіледі. Сондай – ақ еліміздің басым бөлігінде антициклон сілемімен ауа райы жауын-шашынсыз. Тек аптаның басында республиканың шығыс бөлігінде, содан кейін батысында кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ, желдің күшеюі болжанады», деп хабарлайды.