Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Индорхоккейден қызылордалық команда Қазақстан жеңімпазы атанды

Индорхоккейден қызылордалық команда Қазақстан жеңімпазы атанды

Kyzylorda-news.kz. Талдықорған қаласында индорхоккейден ерлер мен әйелдер арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында қызылордалық «Қайсар» командасы табысты өнер көрсетті.

Дүбірлі бəсекеде әйелдер командасы 41 ұпаймен көш бастаса ерлер құрамасы 31 ұпаймен екінші орынды иеленді.

Әйелдер құрамасында ойнаған Ақнұр Нұрлыбекқызы мен Қарақат Төлепбергеновалар бұл жеңісі арқылы индорхоккейден Қазақстан Республикасының спорт шебері атағына қол жеткізді.

«Команда алдындағы мақсат орындалғаны үшін қуаныштымыз. Әйелдер құрамасы чемпион атанса, ерлер командасы күміс жүлдені иеленді. Спортшылар 15-24 сәуір аралығында Талдықорғанда көгалдағы хоккейден өтетін ел чемпионатының бірінші және екінші турларына қатысады. Биылғы жылдың күзінде Бельгияда индорхоккейден өтетін Әлем чемпионатына ерлер арасында Нұрхан Сансызбаев, Бақытбек Сәрсенбайұлы, Шыңғыс Сейітқалиев, ал әйелдер арасында Әйгерім Маханова, Малика Сражадинова, Гузаль Бахавадин, Қарлығаш Болғанбаева мен Алиса Чепкасовалар Қазақстан құрама командасы сапында сайысқа түседі.
Мақсатымыз – бірінші орынды алу », – деді көгалдағы хоккейден және индорхоккейден ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сұлтанбек Қобландин.
18 наурыз 2021 ж. 159 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области