Жұма күніне арналған ауа райы болжамы
Kyzylorda-news.kz. Жұма күні елімізде жауын жауып, жел күшейеді, тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал, деп хабарайды Қазгидромет.
19 наурызда Қара теңіз аймағынан келетін циклон республиканың барлық аймақтарына әсер етеді, онымен бірге жауын-шашын, кей жерлерде нөсер жаңбыр және қалың қар жауады, жел күшейіп, найзағай ойнайды, солтүстік-батыста жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Тек еліміздің оңтүстік-шығысында және солтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал.
Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с жетеді.