Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Гүлшара Әбдіқалықова «Таза табиғат» экологиялық акциясына қатысты

Гүлшара Әбдіқалықова «Таза табиғат» экологиялық акциясына қатысты

Kyzylorda-news.kz. Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Наурыз мейрамы қарсаңында Тұңғыш Президент атындағы саябағында «Таза табиғат» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған ағаш отырғызу рәсіміне қатысты.

«Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз – молшылық пен ізгіліктің бастауы. Бабаларымыз Әз-Наурыз келгенде бұлақтың көзін ашып, ағаш отырғызуды дәстүрге айналдырған. Бұл – ежелден келе жатқан біздің ата-салтымыз әрі бүгінгі күні жастарға көрсетер тәрбиелік мәні зор үлгі-өнегеміз. Туған жерді және оның табиғатын қадірлеу – азаматтық парызымыз десек, Өзіміз тұратын ауламызға тал егіп, туып-өскен аймағымызды көгалдандыру өмір салтына әрі күнделікті дағдымызға айналуы тиіс деп білемін. Сыр халқын осы игілікті іске белсене араласуға шақырамын», – деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.

Шарада қоғам қайраткері Сәпен Аңсат облыс ардагерлері атынан Наурыз мейрамымен құттықтап, жиналған қауымға батасын берді.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы өткен жылы қыркүйек айындағы Жолдауында елімізді ауқымды көлемде көгалдандыруды және экологиялық жағдайды жақсартуды тапсырды. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында республика көлемінде бүгінгі күні «Таза табиғат» экологиялық акциясы ұйымдастырылуда.

Акцияға Қызылорда облысынан 6 мыңнан астам тұрғын қатысып, жергілікті жерде өсетін 20 мыңнан астам сыр талы, қара ағаш және жеміс ағаштарының көшеттерін отырғызуда.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметкерлер де акцияға өз үлестерін қосып, Тұңғыш Президент атындағы саябаққа 300-ге жуық ағаш отырғызды.

Елімізде жасыл желекті көбейту мақсатында өткен жылы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жергілікті әкімдіктермен бірлесіп арнайы алгоритм әзірлеген болатын.

Осы құжат негізінде алдағы 5 жылда өңіріміздің табиғатына төзімді 178 миллион тал отырғызылады деп жоспарлануда.

Бұдан басқа, Арал теңізінің құрғап қалған бөлігіне жыл аяғына дейін 1 миллион 800 мыңнан аса сексеуіл егілетін болады.

Сонымен қатар облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «Қызылорда» су торабына барып, қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты. Бас мердігер «CaspianContrctorsTrust» ЖШС жетекшісі Қайрат Ибраев атқарылып жатқан жұмыстардың барысын баяндады.
Жобаның құны 2 млрд.600 млн. теңгені құрайды. Қайта жаңғырту жұмыстары 2020 жылдың қазан айында басталып, 2022 жылдың аяғында бітеді деп жоспарлануда. Қазіргі таңда бұл жерде 70- ке жуық қызылордалық жұмыс жасап, 15 техника жұмылдырылған. Жөндеу жұмыстарына қолданылып жатқан құрылыс материалдарының 90% отандық өнім.

Аймақ басшысы жаңғырту жұмыстарының сапасына аса мән беруді, жұмысшылардың жалақысын уақытылы төлеуді және жоспарланған мерзімде бітіруді тапсырды.
21 наурыз 2021 ж. 175 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области