Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада «Бос жұмыс орындары жәрмекесі» өтті

Қызылордада «Бос жұмыс орындары жәрмекесі» өтті

Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда қалалық жұмыспен қамту орталығында «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өтті.

Жәрмеңкеге 11 жұмыс беруші мекемеден 27 бос жұмыс орындары ұсынылды. Қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған 9 азамат жұмыс іздеуші ретінде қатысты. Жұмыс беруші мекемелерден электрик, слесарь, жүргізуші, есепші, аспазшы, тігінші мамандықтарына сұраныстар көп болды. Нәтижесінде пробация қызметінің есебінде тұрған 5 азамат «Sinooil» ЖШС, «Алтай Торг Сервис»ЖШС, «Автомобиль жол басқармасы»ЖШС мекемелеріне жұмысшы ретінде жолдама алды.

«Есепте тұрған сотталғандарды жұмысқа орналастыру олардың құқық бұзушылықтармен қайта қылмыс жасауларының алдын алу шараларының бірі болып табылады. Жыл басынан 32 есептегі азамат тұрақты жұмысқа орналастырылды. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрғандарды жұмыспен қамту мақсатында Қызылорда қаласы әкімдігінің қаулысымен жұмыс орындарына квота бекітілген. Есептегі жұмыссыз 24 адам квотамен жұмысқа орналасты»,- деді қалалық пробация қызметінің бастығы әділет подполковнигі Б.Наурызбаев.
31 наурыз 2021 ж. 193 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области