Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанда вакцина далада салынатын болды

Қазақстанда вакцина далада салынатын болды

Kyzylorda-news.kz. Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният онлайн баспасөз маслихаты барысында вакцина салатын арнайы орындар емхананың алдында, далада ұйымдастырылатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Вице-министр ірі қалаларда вакцина салу қалай ұйымдастырылатынын айтты. Ажар Ғинияттың сөзінше, вакцина салуға сауда орталықтары, емханалар мен емхананың ауласы қолданылады.

«Күн жылы өңірлерде емханалардың алдына уақытша вакцина салатын орындар жасақтаймыз. Қазір министрліктің тарапынан уақытша вакцина салатын орынға қойылатын талаптар бекітіліп жатыр. Адам саны көп аймақтарда емханаларда, емханалардың алдында, басқа да медициналық ұйымдарда вакцина салынады. Үлкен мегополистерде сауда орталықтарында да егу бөлмелері ұйымдастырылады. Ең бастысы вакцина тұрақты температурасы сақталған, салқын жерде сақталып, жеткізілетін болады», – дейді Ажар Ғиният.
07 сәуір 2021 ж. 165 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области