Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанда балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салынуы мүмкін бе?

Қазақстанда балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салынуы мүмкін бе?

Kyzylorda-news.kz. Қазақстан 18 жасқа дейінгі балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салынуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Бұл туралы денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Қазір көптеген өндіруші вакцинаның балаларға әсерін зерттеп, тестілеу жүргізуде. Зерттеу нәтижелеріне қарай біз қосымша талдау жасап, аталған санатты вакциналауға қосу мүмкіндігін бағалаймыз», – деді Шоранов брифингте.

Айта кетсек, қазір Қазақстанда 18 жасқа дейінгі балаларға коронавирусқа қарсы вакцина егілмейді.

Республикада вирусқа қарсы вакциналау науқаны биыл 1 ақпанда басталды. Вице-министр Шорановтың айтуынша, бүгінге дейін «Спутник V» вакцинасының бірінші компоненті 435 мың адамға егілген, екіншісі 107 мың қазақстандыққа салынды.

Сәуір айының соңына дейін өңірлерге «Спутник V» вакцинасының 910 мың дозасы жеткізіледі. Бұдан бөлек, басқа өндірушілерден 500 мың доза және отандық QazVac вакцинасының 25 мың дозасы түседі.

Министрлік осы жылдың қыркүйегіне дейін 10 миллион адамды вакциналауды көздеп отыр.
15 сәуір 2021 ж. 214 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области