Қызылордада заңсыз айналымнан 20 келіге жуық есірткі заты алынды

Одан бөлек есірткінің заңды айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында ағымдағы жылдың 22-26 ақпаны аралығында «Дәрмек» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Шара барасында Қызылорда облысы аумағында 16 дәріхана, 1 қойма және 5 денсаулық сақтау саласындағы мекемелері тексеріліп, есірткі өткізудің 3 дерегі және ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 427-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтың 8 дерегі анықталды.
«Есірткі сату және тағы да басқа есірткі заттарына байланысты жасалып жатқан қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жайлы хабарламаларды қабылдау үшін Қызылорда облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасында 27-55-42 «Сенім телефоны» номері жұмыс атқарады»,- деп атап өтті Департамент бастығы полиция полковнигі Сұлтан Бектөре.