Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Гүлшара Әбдіқалықова агроөнеркәсіп кешенінің дамуына арналған жиын өткізді

Гүлшара Әбдіқалықова агроөнеркәсіп кешенінің дамуына арналған жиын өткізді

Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықовааймақтағы агроөнеркәсіп кешенінің дамуына арналған жиын өткізді. Жиынға орынбасары Бахыт Жақанов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев қатысты.

Аймақ басшысы өңірде агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021 жылға бекітілген нысаналы индикаторлары бойынша негізгі көрсеткіштерді саралады. Басқарма басшысы Шахмардан Қойшыбаев агроөнеркәсіптік кешенде бекітілген межелі жоспарға сай өнім өндіру, мал шаруашалығы, егін шаруашылығы бағыттары бойынша бірінші тоқсан қорытындысын тізбеледі.

Есепті кезеңде аймақта 13 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 2,8%-ды құрады. Ал, ауыл шаруашылығының негізгі қорына салынған инвестиция көлемі 901,8 млн теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 1,4 есеге артқан.

Облыстан 5,7 млн долларды құрайтын 16,5 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері экспортталып, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 84,4 % құрады. Сондай-ақ, өткен жылы ауыл шаруашылығы өндірісіне тартылған инвестициялар көлемі 2 еседен астам өсім көрсетсе, биылғы жылдың қаңтар-наурыз айларында салынған инвестиция көлемінің өсімі 1,4 есеге артып отыр. Егін егу бағытында да белгілен меже бар. Қазіргі таңда 6573 гектар жерге мақсары, 4 086 гектарға жаздық бидай, 344 гектарға жаздық арпа, 5 гектарға сұлы, 25 гектарға соя дақылы егілді. Мұнан бөлек, дән жүгері, сүрлемдік жүгері, қант құмайы, соя және картоп, көкөніс, бақша дақылдарын егу жұмыстары күріш егумен қатар жүреді.

Бүгінде негізгі күріш дақылын егу жұмыстарын Шиелі, Жаңақорған аудандары 21 сәуірден, Жалағаш, Сырдария ауданы 23 сәуірден, Қармақшы ауданы 25 сәуірден бастаса, Қызылорда қаласы мен Қазалы ауданынында 1 мамырда жүргізіледі. Жалпы күріш егу жұмыстары 30 мамырда аяқталып, суға бастыру 5 маусымға дейін аяқталады.

Гүлшара Әбдіқалықова шет елдерге өнім өткізу нәтижелері бойынша көрсеткіштерді саралады. Қазірде Сыр елінен әлемнің 13 мемлекетіне өнімдер экспортталады. Күріш өнімі Ресей, Қырғызстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Моңғол, Тәжікстан, Украина және Ирак мемлекеттеріне жөнелтіледі. Сондай-ақ, облыстан Ресей, Польша, Литва және Австрия мемлекеттеріне 549,9 тонна балық, Германия мен Нидерланды мемлекеттеріне 268,7 тонна қамыс жөнелтілді.

Алғашқы тоқсандық қорытынды бойынша мал шаруашылығы бағытында да өсім бар. Мал басы былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 4,8%-ға, қой мен ешкі-5,9%-ға, жылқы 10,3%-ға, түйе 7,4%-ға, құс 6,0 %-ға өскен. Мұнан өзге, 8,6 мың тонна ет, 17,6 мың тонна сүт және 1,2 млн дана жұмыртқа өндіріліп, өндіріс көлемі біршамаға артқан. Биыл «Сыбаға» бағдарламасы арқылы 1000 бас шет елдік мүйізді ірі қара, 27500 бас қой малын сатып алу жоспарланған. Оның ішінде бүгінгі күні 3 шаруашылық 326 бас мүйізді ірі қара малын шетелден сатып әкелсе, тағы да 5 шаруашылықтың 388 бас шет елдік мал алуға берген тапсырыстары қаржы институттарының сараптамасынан өтуде.

Жиын соңында облыс әкімі сала басшысына ауыл шаруашылығында әртараптандыру процесін қарқынды жүргізу, суды мөлшерін тиімді пайдалану арқылы өнім көлемін көбейту, ішкі өнімдерді өндеу бағытында жұмысты әрі қарай жандандыруды тапсырды.
27 сәуір 2021 ж. 164 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области