9 мамырға арналған ауа райы болжамы

Кәсіпорны таратқан мәліметтерге қарағанда, республиканың кей жерлерінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Қазақстанның батысында және шығысында күн жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, солтүстікте, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.
Ақмола, Жамбыл, Түркістан, күндіз Алматы облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрып, бұршақ жауады. Жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, найзағай ойнайды, дауыл тұрып, жел 15-20 жылдамдықпен соғады, желдің екпіні секундына 23 метрге жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, найзағай ойнайды, дауыл тұрып, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, екпіні 25 м/с болады.
Күндіз Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде күндіз найзағай ойнайды.
Түнде және таңертең Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Павлодар облысының кей жерлерінде тұман түсіп, найзағай ойнайды, дауыл тұрып күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, кей жерлерде екпіні 25 м/с болады.
Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, түнде тұман түседі, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.