Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада пробация есебіндегі жалғызбасты анаға көмек көрсетілді

Қызылордада пробация есебіндегі жалғызбасты анаға көмек көрсетілді

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қалалық пробация қызметі есепте тұратын жалғызбасты анаға көмек көрсетті.

Мереке қарсаңында қалалық пробация қызметкерлері «Ел Арай» қоғамдық қорымен бірлесіп, тұрмыс жағдайы төмен, жалғызбасты анаға көмек қолын созды.

«Бұл азаматша пробация есебіне алынғалы бері психологиялық, әлеуметтік-құқықтық көмек түрлерін көрсеттік. Баспанасы жоқ азаматшаны «Аналар үйіне» орналастырдық. Қоғамдық қор арқылы азық-түлікпен балаларына киімдер және тұрмыстық заттар берілді. Пробация есебіне бақылауға алынған әрбір азаматтың жағдайына зерделеу жүргіземіз, қажет болған жағдайда тиісті көмек түрлерін көрсетеміз», – деді қалалық пробация бастығы әділет подполковнигі Б.Наурызбаев.

Есепте тұрған сотталған жалғызбасты ана отбасына мерекелік көңіл-күй сыйлаған қалалық пробация қызметі мен «Ел-Арай» қоғамдық қорына алғысын айтты.
11 мамыр 2021 ж. 183 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области