Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысында шаңды дауыл болады

Қызылорда облысында шаңды дауыл болады

Kyzylorda-news.kz. 24 мамырда Қазақстан аумағының басым бөлігінде Батыс антициклонының ықпалынан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Тек республиканың оңтүстік-шығысы мен шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерде өткінші жаңбыр жауады.

«Кей жерде жел күшейеді, республиканың батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі, оңтүстігінде найзағай, солтүстігінде түнде тұман болады», – деп хабарлайды синоптиктер.

Күндіз Маңғыстау, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында аптап ыстық болады.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде, Алматы, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Атырау, Жамбыл облыстарының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі күтіледі

Түркістан, Атырау облыстарының кей жерінде жел күшейіп, шаңды дауыл көтеріледі деп жоспарланып отыр.

Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Күндіз Жамбыл облысының тауларында бұршақ жаууы ықтимал, Қызылорда облысында шаңды дауыл болады.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Күндіз Алматы облысының тауларында желдің күшеюі күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде түнде және таңертең тұман түседі.
24 мамыр 2021 ж. 156 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области